«Мақтаарал» бірден алты ойыншыны қатарына қосты

«Мақтаарал» бірден алты ойыншыны қатарына қосты
news-banner7
mobile-news-top

ҚПЛ дебютанты «Мақтаарал» алты ойыншымен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Келісім-шартқа қол қойған ойыншылар қатарын толықтыра кетсек. «Қайрат», «Жетісу» және «Ақтөбе» командасында өнер көрсеткен Рифат Нұрмұғамет, өткен маусымда Бірінші Лигада өзін жақсы қырынан көрсете білген Әліби Тұзақбаев және де Францияның «Агно», АҚШ-тың «Майами Сити», «Канзас Сити», Румынияның «Комуна Реча» клубтарында доп тепкен Расамбек Ахматов ресми түрде «Мақтаарал» ойыншысы атанды.

Бұл футболшылардан бөлек, келісімшарт жасасқандардың қатарында қақпашы Жандар Жанғалиев, Бекзат Жақсыбайұлы және Нұржігіт Сматов бар. Осымен құрам толығымен нақтыланды», - деп жазылған клуб баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер