Командалық

Баскетболдан Қазақстан құрамасы Азия Кубогындағы қарсыластарын білді

Баскетболдан Қазақстан құрамасы Азия Кубогындағы қарсыластарын білді
news-banner7
mobile-news-top

Баскетболдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы ерлер командалары арасында Азия Кубогындағы қарсыластарын білді.

Ерлер арасындағы баскетболдан Азия Кубогы (бұрын Азия баскетбол қауымдастықтарының Кубогы деп аталған) – 1960 жылдан бастап екі жылда бір рет ФИБА Азия қамқорлығымен өткізілетін баскетболдан халықаралық турнир.

Азия командалары үшін Әлем чемпионаты мен Олимпиада турниріне жол беретін біліктілік турнирі болып табылады. Азиядағы баскетболдан ерлер ұлттық құрамалары үшін ең беделді турнир болып табылады. Қазіргі чемпион – Аустралия құрамасы (2017).

Алдағы 2022 жылғы Азия Кубогының 30-шы мерейтойлық ойыны 2022 жылғы шілденің 12-сі мен 24-і аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өтеді.

Турнирге қатысушы елдер: Азия Кубогы үшін біліктілік іріктеуінен өткен 16 команда бақ сынасады – турнир иелері Индонезия, Аустралия, Бахрейн, Қытай, Қытайлық Тайбэй, Үндістан, Иран, Жапония, Иордания, Қазақстан, Корея, Ливан, Жаңа Зеландия, Филиппин, Сауд Арабиясы және Сирия құрамалары.

Жеребе қорытындысы: "Дала қасқырлары" Иран, Жапония және Сирия құрамаларымен бірге "С" тобына түсті.

Түпнұсқасы: nbf.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер