Командалық

«Тұран» баскетболдан әйелдер арасында Қазақстан кубогын жеңіп алды

«Тұран» баскетболдан әйелдер арасында Қазақстан кубогын жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Щучинск қаласында баскетболдан әйелдер командалары арасында Қазақстан кубогының шешуші матчтары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші орын үшін өткен ойында түркістандық «Тұран» елордалық «Нұр-Сұлтан Тайгерс» командасын 73:64 есебімен ұтып, тарихта тұңғыш рет Қазақстан кубогының иегері атанды.

«Тұран» (Түркістан обл.) – «Нұр-Сұлтан Тайгерс» (Нұр-Сұлтан) 73:64 (22:15, 22:19, 11:26, 18:4)

Үшінші орын үшін өткен кездесуде павлодарлық «Ертіс» Ақмола облысының «Оқжетпесінен» басым түсті. Есеп – 76:53.

«Ертіс» (Павлодар) – «Оқжетпес» (Акмола обл.) 76:53 (23:10, 14:11, 15:14, 24:18)

Турнирдің үздік ойыншылары:

Залина Куразова – «Тұран», Түркістан облысы
Анна Безгодова - «Нұр-Сұлтан Тайгерс», Нұр-Сұлтан
Валерия Капитонова – «Ертіс», Павлодар
Камила Аманжолова – «Оқжетпес», Ақмола облысы
Дарья Королева - «Нұр-Сұлтан Тайгерс», Нұр-Сұлтан.

Фото nbf.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер