русский язык
ММА

Naiza 37 турниріндегі Жұмабековтің жекпе-жегі өтпейтін болды

Naiza 37 турниріндегі Жұмабековтің жекпе-жегі өтпейтін болды

Қазақстандық файтер Жұман Жұмабеков Naiza 37 турнирінде өнер көрсетпейді, деп хабарлайды Prosports.kz MMA DAR Pro Team командасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жұман Жұмабеков және Су Ёнг арасындағы жекпе-жегі кейінге қалдырылды.

Корея елінің жауынгері Су Ёнг өз елінде Covid-19 ПЦР тестін тапсырып өкінішке орай оң нәтиже көрсетті», — деп жазды MMA DAR Pro Team.

Айта кетейік, Жұмабеков Naiza 32 турниріндегі жекпе-жегінде қырғызстандық Айжігіт Еркебайды екінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;