«Салават Юлаев» канадалық шабуылшымен келісімшартты бұзды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Салават Юлаев» шабуылшы Джефф Платтпен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Беларусь азаматтығын алған 36 жастағы канадалық шабуылшы 2008 жылдан бері ҚХЛ-да минсктік «Динамо» (2008-2014), «Локомотив» (2014-2015), ЦСКА (2015-2016, 2016-2018), Йокерит» (2018-2019), «Автомобилист» (2019-2020) и «Салават Юлаев» (2020-2022) командаларында өнер көрсеткен.
Аяқталған ҚХЛ тұрақты маусымында Платт 40 ойын өткізіп, үш гол соғып, жеті нәтижелі пас берген болатын. Ол лигада жалпы 724 матч өткізіп, 369 (202 + 167) ұпай жинаған.