«Бұл мен жеңуім керек тағы бір жекпе-жек». Әлішер «Mortal Kombat» Ғабдуллин OCTAGON «уақытша» чемпионы титулы үшін жекпе-жек туралы
![«Бұл мен жеңуім керек тағы бір жекпе-жек». Әлішер «Mortal Kombat» Ғабдуллин OCTAGON «уақытша» чемпионы титулы үшін жекпе-жек туралы](https://prosports.kz/upload/news/content//202203/472_943cd53d8bf8cae662e7ffe1c803bed3.jpg?v=28703905)
Алдағы жұмада қазақстандық танымал OCTAGON лигасы Алматыда O28 кешін ұйымдастырады, ивенттің басты жекпе-жегінде жартылай жеңіл салмақтағы уақытша чемпион Махир Мамедов (19-2) пен Магомед Магомедов (8-0) кездеседі.
Кештің тағы бір басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы Әлішер «Mortal Kombat» Ғабдуллин (9-3) Досбол Елегенмен (9-4) кездеседі.
Бұл туралы толығырақ Prosports.kz тілшісі осы жекпе-жектің қатысушыларының бірінен сұрады.
– Әлішер, алдағы жекпе-жекке дайындығыңыз қалай жүріп жатыр?
- Дайындық өте жақсы жүріп жатыр. Бәрі ойдағыдай.
- Бұрын сіз чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізгіңіз келетінін мәлімдеген едіңіз, бірақ промоушеннің жеңіл салмақтағы «уақытша» чемпионы белбеуі үшін жекпе-жек өткізесіз. Бұған қалай қарайсыз?
- Бұл салмақтың чемпионы жарақат алғандықтан, уақытша титулға жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс түсіп, келістік.
- Сізге қарсылас отандасымыз Досбол Елеген болады. Оны қалай сипаттай аласыз?
- Досбол жақсы жігіт және тәжірибелі файтер.
- Сіздің ойыңызша, қарсыласыңыздың күшті жақтары неде?
– Біз аралас жекпе-жектен өнер керсеткендіктен, бокста, күресте, т.б. әр файтер барлық жерде аз да болса жақсы деп есептеймін.
![](https://img.prosports.kz/news/content//202203/207278_95b18fe34f304e4b807ac58f721d3e02.jpg)
- Елегенді сіз үшін OCTAGON лигасындағы ең қиын сынақ деп санауға бола ма?
– Мен жекпе-жек өткізген қарсыластардың барлығы мықты болды. Бұл мен жеңуім керек тағы бір жекпе-жек.
- Жекпе-жек бес раундтан тұрады. Бұл сіз үшін плюс немесе минус па?
- Плюс деп ойлаймын, өйткені мен үш раундтан тұратын көп жекпе-жек өткіздім, енді бес раундтық жекпе-жекте өзімді сынап көргім келеді.
– Жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтауға ұмтыласыз ба?
- Бізде ойын жоспары бар, сондықтан оны ұстанамыз.
![](https://img.prosports.kz/news/content//202203/207278_970a80be5e0db4a38fe790f7ba9fb19e.jpg)
- Сіздің ойыңызша, жекпе-жекте шешуші рөлді не атқара алады?
- Жеңіске деген жігер.
- Досбол өз сұхбатында сізге сәттілік тілеп, жекпе-жек ең мықтыны анықтайтынына үміт білдірді. Қарсыласыңызға жауап қандай болады?
- Жарақат алмай, жекпе-жектен кейін шай ішсек (күледі).
Турнирдің ресми серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы.