Головкин Муратамен жекпе-жекке дайындық туралы жаңалығымен бөлісті
![Головкин Муратамен жекпе-жекке дайындық туралы жаңалығымен бөлісті](https://prosports.kz/upload/news/content//202203/203991_21ce5c9b9870500ea9a4c9c29bf737ba.jpg?v=28669781)
IBF/IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин WBA Super титулының иегері Риота Муратамен жекпе-жек алдында жаттығуы жайлы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Олардың жекпе-жегі 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) өтеді. Қазіргі уақытта Геннадий АҚШ-тың Калифорния штатында жаттығып жүр.
«Бірінші спарринг сессиясы аяқталды, біз жұмысты жалғастырамыз», - деп жазды GGG әлеуметтік желіде жаттығу залынан түскен суретімен бөлісіп.
Еске салайық, Головкин-Мурата жекпе-жегі 2021 жылдың желтоқсан айына жоспарланған, бірақ жапон билігінің коронавирусқа қарсы шараларын күшейтуіне байланысты кейінге қалдырылған болатын.