«Астана» «Лайгуэлья Трофи» жарысына қатысатын құрамын жариялады
![«Астана» «Лайгуэлья Трофи» жарысына қатысатын құрамын жариялады](https://prosports.kz/upload/news/content//202203/203991_36472de8034e05de62feede1517e1d9a.jpg?v=28667389)
«Астана» Италияда өтетін ұзындығы 202 шақырымды құрайтын «Лайгелья Трофейі» жарысына қатысатын шабандоздар тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыс 2 наурызда өтеді.
Құрам: Джанни Москон (Италия), Мануэле Боаро (Италия), Фабио Феллин (Италия), Самуэле Баттистелла (Италия), Симоне Веласко (Италия), Александр Рябушенко (Беларусь).