Агапованың UFC-дегі төртінші жекпе-жегі басталатын уақыт анықталды
![Агапованың UFC-дегі төртінші жекпе-жегі басталатын уақыт анықталды](https://prosports.kz/upload/news/content//202203/203991_310dd2cc5feea5c140a5778214b77b68.jpg?v=28673728)
Қазақстандық файтер Мария Агапова (10-2) UFC-дегі төртінші жекпе-жегін 6 наурызда өткізеді, деп жазады Prosports.kz.
Отандасымыз Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC 272 турнирі аясында октагонға шығады. Қарсыласы - украиналық Марина Мороз (10-3).
Бұл жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 07:00-де басталатын алғашқы кардтың бірінші жұбы болып бекітілген.
Айта кетейік, Мария Агапова бұған дейін UFC-де үш жекпе-жек өткізді. Оның екеуінде жеңіске жетіп, бір рет жеңіліп қалды. Ал Мороз сегіз жекпе-жек өткізіп, бес рет жеңіске жетті, үш мәрте жеңілді.