«Ақтөбе» еуропалық чемпионатта екі рет топ жарған қақпашымен келісімшарт жасасты

«Ақтөбе» еуропалық чемпионатта екі рет топ жарған қақпашымен келісімшарт жасасты
news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбе» футбол клубы сербиялық қақпашы Саша Стаменковичпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «ақ-қызылдардың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Лесковац қаласының тумасы өз отанындағы беделді «Црвена Звезда», «Раднички» және «Напредак» клубтарының құрамында доп теуіп, Сербия чемпионатының күмісі мен қоласын жеңген. Сондай-ақ Әзербайжанның «Нефтчи» мен «Сабах» ұжымдары сапында ойнап, аталмыш елдің екі дүркін чемпионы атанған.

Бойы 1,93 метр болатын Стаменкович өз уақытында Сербия жастар құрамасының намысын қорғаған. Көкшетаулық «Оқжетпес» қосынындағы сәтті ойнымен қазақстандық жанкүйерлердің жадында қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер