Күрес

Түркияда өткен халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар 9 медаль иеленді

Түркияда өткен халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар 9 медаль иеленді
news-banner7
mobile-news-top

Түркияның Стамбул қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан құрамаларының қатысуымен «Яшар Догу, Вэхби Эмре, Хамит Каплан» халықаралық турнир аяқталды. Қазақстан құрамасы екі алтын, бір күміс, бес қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Грек-рим күресінен бірінші алтынды Ернар Фидахметов (60 келіге дейін) иеленсе, әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова (72 келіге дейін) екінші алтынға қол жеткізді. Петропавлдық Аманғали Бекболатов (55 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Еркін күрестен қола жүлде Юсуп Батырмырзаев (125 келіге дейін) және Мамед Ибрагимовқа (97 келіге дейін) бұйырды. Грек-рим күресінен құрама үш қола медаль иеленді (Ернұр Фидохметов, Мейіржан Шермағамбет және Тамерлан Шадукаев). Сонымен қатар әйелдер күресінен 76 келідегі Гүлмарал Еркебаева да бір қоланы иеленді.

Турнир қорытындысы бойынша грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте кілем иелерінен кейінгі екінші орынға ие болса, әйелдер күресінен Ресей, АҚШ және Моңғолияны алдына жіберген қыздарымыз төртінші орыннан көрінді. Еркін күрес балуандары сегізінші орында қалып қойды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер