русский язык

«Ордабасы» ОЖЖ-дағы соңғы жолдастық матчын өткізді

«Ордабасы» ОЖЖ-дағы соңғы жолдастық матчын өткізді

Қазақстандық «Ордабасы» чемпионатқа дайындық аясында Шымкентте соңғы жолдастық матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

27 ақпанда «БИIК» спорт орталығының стадионында шымкенттіктер «Академия Оңтүстік» командасымен кездесіп, 3:1 есебімен жеңді. «Ордабасы» сапында Нұрәли Мамырбай мен қаралымнан өтіп жатқан футболшылар гол соққан.

Еске салайық, Қазақстан чемпионаты 5 наурызда басталады, «Ордабасы» өз алаңында Премьер-лига дебютанты «Мақтаарал» командасын қабылдайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;