русский язык

Зайнутдинов Ресей чемпионатында «Спартак» қақпасына гол соқты

Зайнутдинов Ресей чемпионатында «Спартак» қақпасына гол соқты
news-banner7
mobile-news-top

Ресей чемпионатының 19-турындағы орталық матч Мәскеуде өтті, деп жазады Prosports.kz.

«Открытие Банк Арена» стадионында мәскеулік екі клуб - «Спартак» пен ЦСКА кездесті. Қазақстандық футболшы Бактиер Зайнутдинов өнер көрсететін ЦСКА 2:0 есебімен жеңіске жетті. Алаңға 55-минутта шыққан «Тараз» түлегі араға 24 минут салып, командасының матчтағы екінші голын соқты.

Қазақстандық футболшы маусымда үшінші рет мергендік танытты. Бұған дейін ол «Нижний Новгород» және «Сочи» қақпасын дәл көздеген.

ЦСКА осы жеңісінен кейін 33 ұпай жинады. «Армияшылар» төртінші орынға жайғасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;