Хоккей

«Арланға» ресейлік шабуылшы ауысып келді

«Арланға» ресейлік шабуылшы ауысып келді
news-banner7
mobile-news-top

Шабуылшы Даниил Жарков көкшетаулық «Арлан» хоккей клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Даниил Жарков - Санкт-Петербург хоккей мектебінің түлегі. Кәсіби деңгейде «Торпедо Н.Н.», «Саров», «Динамо СПБ», «Нефтяник», «Тамбов» сияқты командаларда өнер көрсетті.

2013 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

«Динамо СПБ» сапында 2017/18 жылғы маусымда ЖХЛ чемпионы болған.

Биылғы маусымды (2021/2022) «Нефтяник» клубында бастады, содан кейін «Тамбовқа» ауысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер