Хоккей

Допты хоккей: «Ақжайық» қарсыласын ірі есеппен жеңді

Допты хоккей: «Ақжайық» қарсыласын ірі есеппен жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» Орынборда жергілікті «Локомотивпен» күш сынасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл кездесуде оралдықтар айдын иелері есебінде шықты. Өйткені 10-11 қаңтар күндері Оралда өтуі тиіс екі ойын елдегі төтенше жағдайға байланысты кейінге шегеріліп, Орынборға ауыстырылған болатын.

Осыған дейін «Локомотивке» екі рет қатарынан ұтылған Николай Шавалдиннің шәкірттері бұл жолы тас-түйін дайындықпен шықты. Сөйтіп 7:1 есебімен жеңіске жетті.

Матч барысында «Ақжайықтың» сұрмергені, ресейлік Максим Пахомов төрт голдың авторы атанды. Команда капитаны Максим Өтебалиев, ресейліктер Александр Слугин мен Сергей Башаев бір-бір доптан енгізді. «Локомотивтен» Сергей Ромашов жалғыз голмен жауап қайырды.

Ертең «Ақжайық» Орынборда «Локомотивпен» соңғы ойынын өткізеді. Бұл матчтың нәтижесіне қарамастан, оралдық клуб үшінші топта үздік үштікке ілігіп, финалдық сайыстарға жолдама алды деуге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер