«Астана» «Фаун-Ардеш Классик» және «Дроме Классик» веложарыстарына арналған құрамын жариялады
![«Астана» «Фаун-Ардеш Классик» және «Дроме Классик» веложарыстарына арналған құрамын жариялады](https://prosports.kz/upload/news/content//202202/472_bc97f4d58ef9542bb7e8ea6f495a958f.jpg?v=28663961)
«Астана» Францияда өтетін «Фаун-Ардеш Классик» және «Дроме Классик» веложарыстарына арналған құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Фаун-Ардеш Классик» 26 ақпанда өтеді. Ол 168,6 шақырымнан тұрады. Ал «Дроме Классик» 27 ақпанға (191,5 км) жоспарланған.
Құрам мынадай: Мануэле Боаро (Италия), Фабио Феллине (Италия), Джозеф Ллойд Домбровски (АҚШ), Нурберген Нурлыхасым (Қазақстан), Андрей Зейц (Қазақстан), Александр Рябушенко (Беларусь), Харольд Техада Канакуэ (Колумбия).