«Қайрат» Мәскеудегі фарм-клубының капитанымен келісімшарт жасасты
![«Қайрат» Мәскеудегі фарм-клубының капитанымен келісімшарт жасасты](https://prosports.kz/upload/news/content//202202/472_f83542e67ea07afc20fdfef859f4afd2.png?v=28662279)
«Қайрат» футбол клубы «Қайрат-Мәскеу» ФК жартылай қорғаушысы Дамир Қасаболатпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Келісімшарт 2 жылға жасалған.
Дамир «Қайрат» футбол клубының түлегі. Өткен маусымда «Қайрат-Мәскеу» сапында 19 ойын өткізген.
Туған күні: 29 тамыз 2002 жыл
Бойы: 181 см
Салмағы: 65 кг
Позициясы: жартылай қорғаушы
Азаматтығы: Қазақстан