«Ордабасы» жолдастық матчта ірі есеппен жеңіске жетті
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Ордабасы» Шымкентте маусым алдындағы оқу-жаттығу жиыны аясында «Тараз-Қаратау» командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу 4:0 есебімен «Ордабасының» пайдасына аяқталды. Голдарды Карам Сұлтанов, Елхан Астанов, Батырхан Тәжібай және Муроджон Халматов соқты.
«Ордабасының» негізгі құрамы: Шайзада, Тұрсынбай, Сұлтанов, Мамырбаев, Хаджиев, Шәмші, Добай, Ваганов, Зульфикаров, Астанов, Тәжібай.