Грек-рим күресі

«Яшар Догу» турнирі: Айдос Сұлтанғали ширек финалда ұтылып қалды

«Яшар Догу» турнирі: Айдос Сұлтанғали ширек финалда ұтылып қалды
news-banner7
mobile-news-top

Түркияда күрес түрлерінен рейтингілік "Яшар Догу" бәсекесі басталды. Турнирге қазақстандық балуандар да қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін грек-рим күресінің өкілдері кілемге шығуда. 63 келіде белдескен Айдос Сұлтанғали ширек финалда түркиялық қарсыласына 1:5 есебімен жол беріп, жеңіліс тапты.

67 келі салмақ дәрежесінде қазақстандықтар Мейіржан Шермаханбет пен Данияр Қаленов белдескен болатын. Тартысты кездесуде тәжірибелі Мейіржан Шермаханбет жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті.

Сондай-ақ, 130 келіге дейінгі салмақта күрескен Антон Савенко бірнеше дүркін әлем чемпионы, түркиялық Риза Каялпқа есе жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер