русский язык
Теннис

Александр НедовесовАҚШ-тағы турнирдің финалында жеңіліп қалды

Александр НедовесовАҚШ-тағы турнирдің финалында жеңіліп қалды

Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Делрэй Бич (АҚШ) ATP 250 турнирінің финалында жеңіліп қалды.

Қазақстандық теннисші пәкістандық Айсам-уль-Хак Курешимен бірге финалда жарыстың 1-ракеткалары Марсело Аревало (Сальвадор) – Жан-Жюльен Ройермен (Нидерланды) бас жүлдені сарапқа салды. Тартысты матчта сальвадорлық-нидерландылық жұп 6:2, 6:7 (5:7), 10:4 есебімен жеңіске жетті.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында Недовесов пен Куреши 1 эйс жасап, 1 брейкпен шектелді. Осылайша Александр Недовесов өз спорттық жолында ATP 250 додасында алғашқы титулына қол жеткізе алмады.

Түпнұсқасы: ktf.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;