Кособуцкийдің жекпе-жегі кейінге шегерілді
![Кособуцкийдің жекпе-жегі кейінге шегерілді](https://prosports.kz/upload/news/content//202202/201736_fb79409c1311de8c7c255e13b84e358a.jpg?v=28668314)
Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийдің (17-0, 16 КО) франциялық Жоан Дюопаға (39-6, 26 КО) қарсы жекпе-жегі белгіленген уақытта өтпейтін болды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы франциялық боксшы мәлімдеді.
«Достар, сіздерге үлкен өкінішпен хабарлаймын, менің жекпе-жегім тоқтатылды, қарсыласымның командасы карантинге жабылды, өйткені команда мүшесінен коронавирус анықталды, жекпе-жек басқа күнге ауыстырылады», - деп жазды боксшы Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Кособуцкий – Дюопа жекпе-жек ақпанның 19-нан 20-на қараған түні өтуі керек еді.