русский язык

Әліпті «Зенитте» не күтіп тұр?

Әліпті «Зенитте» не күтіп тұр?

«Зенит» Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліпті «Қайраттан» 2022 жылдың соңына дейін жалға алғанын ресми түрде жариялады.

Нұралының РПЛ-ға ауысуы туралы әңгіме көптен бері айтылып жүр, бірақ трансфер қазір ғана орын алды. 22 жас бұл қадам үшін ең қолайлы кез.

«Зенитке» Нұралы неліктен қажет болды?

Әліптің нақты Ресей чемпиондары сапына ауысуы таңғаларлық болуы мүмкін, бірақ «Зенитте» қорғаныс ойыншылары аздығын, сондай-ақ Боранбаев, Аршавин және Бердыев факторын ескерсек, бұл трансферді әбден түсінуге болады.

Нұралы, оған қоса, соңғы оқу-жаттығу жиынында «Зенитте» бағын сынап көру мүмкіндігіне толықтай лайық екенін дәлелдеген болар. Енді оны РПЛ деңгейінде сынайды, содан кейін ғана клуб Нұралыны тұрақты түрде қалдыру-қалмауды шешеді.

Әліп жаңа клубына қалай пайдалы болуы мүмкін?

Нұралы – доппен жақсы ойнайтын солақай орталық қорғаушы. Ол төрт қорғаушы схемасында сол жақ орталық қорғаушы ретінде, үш қорғаушы схемасында орталық-орталық немесе сол жақ-орталық қорғаушы ретінде ойнауы мүмкін. Команданың бас бапкері Сергей Семак оның жолдастық кездесулерде соққан голдарын бағалап, сонымен қатар қазақстандықтың тікелей қорғаныста әлі еңбектену керек екенін де орынды атап өтті.

Келісім-шарты жазда аяқталып жатқан Ракицкийдің орнына Нұралы келді деуге болмайды, бірақ маусымның соңына дейін Әліптің Ярославтан сабақ алуға мүмкіндігі бар. Өйткені, украиналық ойыншы шабуылды бастау жағынан әлемдегі ең үздік орталық қорғаушылардың бірі. Жалпы, Малком, Клаудиньо, Барриос және басқа да мықты ойыншылармен күнделікті жаттығу - Нұралыға дамитын үлкен мүмкіндік.

Әрі қарай не болады?

Нұралы жарады. Ол бұл мүмкіндікке өмірлік жолымен толықтай лайық. Енді Әліп мейілінше жаттығуға көңіл бөліп, өзі туралы пікірлерді азырақ оқып, шет тілдерін үйреніп, осы сәттен ләззат алуы керек. Алдағы жарты жыл ол үшін шешуші болады және РПЛ Нұралы үшін соңғы нүкте болмауы тиіс.

Қайрат Оразбеков: Қазақстан әлемдік рейтингте 120-орында тұрмауы керек

Сұлтан Әбілғазы: Ойыныммен командама көмегімді тигізсем деймін

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;