русский язык

Эльхан Астанов: «Клубымыздың әрбір ойыншысында өзін көрсетуге мүмкіндік бар, бастысы өз өзімен жұмыс істеу қажет»

Эльхан Астанов: «Клубымыздың әрбір ойыншысында өзін көрсетуге мүмкіндік бар, бастысы өз өзімен жұмыс істеу қажет»

«Ордабасының» жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында маусымға дайындық, Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетуі және маусымаралық ұсыныстар жайлы қысқаша айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Эльхан, маусымға дайынсыздар ма?

- Маусымға дайындық өте қарқынды өтіп жатыр. Бұған дейін клубта мәселелер болды, бірақ қазір барлығы өз қалпына келіп, жаңа маусымға жаттығуды бастадық. Әлбетте, чемпионаттың басталуына аз уақыт қалды, алайда біз барлығымыз бірігіп жұмыс атқарсақ кез келген қиындыққа төтеп бере аламыз деп ойлаймын.

- Қазақстан құрамасының ішкі чемпионат легионерлерімен өткізген ойыны ерекше болды ма?

- Қазақстан құрамасының ҚПЛ легионерлеріне қарсы матчы мен үшін ғана емес, командамыздың барша ойыншысына да маңызды болды. Мен үшін кез келген ойында Қазақстан құрамасының жейдесінде өнер көрсету үлкен мәртебе. Бапкерлік құрамға кезекті мәрте алаңға шығуыма мүмкіндік бергендеріне алғысым шексіз.

- Жақында жерлесіміз Әліп «Зенитке» ауысты, ал сізге шетелдік клубтардан ұсыныс түспеді ме?

- Шетелдік командалардың қайсысы маған қызыққанын өз басым білмеймін. Қазіргі сәтте «Ордабасымен» келісім-шартым бар және мен өзімнің клубымда өнер көрсетуге қуаныштымын. Әр нәрсенің өз уақыты бар.
Тағы бір рет қайталап айтқым келеді, егер біз бірлессек барлығы да қолымыздан келеді. Өйткені әрбір қиыншылықтан соң, жеңілдік бар.

- «Көк-ақтар» сапындағы ойыншыладың қайсысы жаңа маусымда өзін таныта алады деп ойлайсың?

- Әрбір футболшымыздың өзін көрсетуге мүмкіндігі бар, бастысы өз өзімен жұмыс істеу қажет. Бізде талантты футболшылар жетерлік және олар қазір бізбен жаттығуда. Меніңше, олардың бірнешеуі жаңа маусымда өздерін көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;