Чемпиондар лигасының 1/8 финалы. «Ливерпуль» «Интерді» жеңіп, «Бавария» «Зальцбургпен» тең түсті (+ бейнешолу)
![Чемпиондар лигасының 1/8 финалы. «Ливерпуль» «Интерді» жеңіп, «Бавария» «Зальцбургпен» тең түсті (+ бейнешолу)](https://prosports.kz/upload/news/content//202202/472_4a2588df4d70a0f80712eb5b53552ff2.jpg?v=28704505)
Қазақстан уақытымен 17 ақпанға қараған түні Милан мен Зальцбург қалаларында Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы алғашқы екі матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Сан-Сирода» «Интер» англиялық «Ливерпульден» 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Голдардың авторы Роберто Фирмино мен Мохамед Салах атанды.
«Интер» (Милан, Италия) – «Ливерпуль» (Англия) 0:2 (0:0)
Голдар: 0:1 – Фирмино (75), 0:2 – Салах (83)
Австриялық «Зальцбург» футболшылары өз алаңында мюнхендік «Баварияға» қарсы өткен ойынның 21-минутында есеп ашты. Голды Чуквубуйке Адаму соқты. «Бавария» сапындағы Кингсли Коман 90-минутта гол соғып, есепті теңестірді.
«Ред Булл Зальцбург» (Австрия) – «Бавария» (Мюнхен, Германия) 1:1 (1:0)
Голдар: 1:0 – Адаму (21), 1:1 – Коман (90)
Фото football-italia.net