Айбол Әбікеннің қай клубқа ауысатыны белгілі болды
![Айбол Әбікеннің қай клубқа ауысатыны белгілі болды](https://prosports.kz/upload/news/content//202202/201736_0207c42c58629eca54bbeaebc1745dd4.jpg?v=28705943)
«Қайраттың» және Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен «Ақсуға» ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Футболшы ертең Түркияда «Ақсумен» бірге жаттығу барады.
Бұған дейін Әбікен «Қайраттың» дубльімен жаттығып, Түркиядағы негізгі құрамның оқу-жаттығу жиынына ұшпаған.
«Ақсу» Әбікенді бір жылға жалға алады. Бұған дейін командаға «Қайраттың» тағы бір бұрынғы ойыншысы Гафуржан Сүйімбаев қосылды.