Қазақстан құрамасы ҚПЛ легионерлерін жеңді
![Қазақстан құрамасы ҚПЛ легионерлерін жеңді](https://prosports.kz/upload/news/content//202202/201736_0e13fd96f6ad1d30f766518875bfc0e8.jpg?v=28705948)
Бүгін Қазақстан құрамасы ел чемпионатында өнер көрсететін легионерлермен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Түркияда өткен ойында 2:1 есебімен Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Асхат Тағыберген (5-минут) мен Оралхан Өміртаев (21) гол соқты.
Негізгі құрам:
Қазақстан: Мұхамеджан Сейсен (Қ) – Дмитрий Шомко, Темірлан Ерланов, Александр Марочкин, Әділбек Жұмаханов, Бағдат Қайыров – Асхат Тағыберген, Серікжан Мужиков (К), Арман Кеңесов – Оралхан Өміртаев, Абылайхан Жұмабек.
Қосалқы құрам: Бекхан Шайзада (Қ) – Сергей Малый, Дінмұхамед Кашкен, Сағадат Тұрсынбай, Мақсат Тайкенов, Әлібек Қасым, Нұрлан Даиров – Исламбек Қуат, Эльхан Астанов – Станислав Басманов, Абат Аймбетов;
ҚПЛ легионері: Милошевич, Урбис, Бондаренко, Гаджибеков, Бруно, Козлов, Ардазишвили, Тихоновский, Эйдер Коста, Тигруджа, Оливейра.
Қазақстан — ҚПЛ легионері — 2:1 (2:0)
Гол соққандар: Тағыберген 5 (1:0), Өміртаев 21 (2:0), Сидоренко 62 (2:1).