русский язык

«Тараз» шабуылшысы алғаш рет Қазақстан құрамасына шақырту алды

Қазақстан ұлттық құрамасына жаңа шабуылшы келді, деп хабарлайды Aladop телеграм арнасы.

Түркияда оқу-жаттығу жиындарын бастаған Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Маруаұлы Байсуфинов «Тараз» шабуылшысы Абылайхан Жұмабекті құрама қатарына шақырды.

Ірі денелі форвард Қайрат Нұрдәулетов баптайтын Қазақстан жастар құрамасында жүріп көзге түскен еді. Абылайхан өткен маусымда «Тараз» сапында 19 ойынға қатысты. Ең бірінші турда ол «Қайсар» қақпасына әдемі гол салды. 21 жасқа толған А.Жұмабек легионерлер құрамасына қарсы матчта алаңға шығуы әбден ықтимал.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;