русский язык

ҚПЛ клубы Қырғызстан құрамасының ойыншысымен келісімшартқа отырды

ҚПЛ клубы Қырғызстан құрамасының ойыншысымен келісімшартқа отырды

«Ақсу» футбол клубы қырғыз қорғаушысы Қайрат Жыргаллбек-уулымен келісімшартқа отырды.

Қайрат – Бішкек футболының шәкірті. 2012-2014 жылдары «Әбдіш-Ата» сапында өнер көрсетті. 2015 жылы елордалық «Дордой» командасына көшті. Оның құрамында ол АФК кубогына қатысты, сонымен қатар ел чемпионы және Қырғызстан кубогының үш дүркін жеңімпазы атанды. 2018 жылы елдің үздік футболшысы деп танылды.

Айта кетейік, Қайрат футболдан Қырғызстан ұлттық құрамасының белсенді ойыншысы.

Қайрат Жырғалбек-ұлы

Туған күні: 13 маусым 1993 жыл
Азаматтығы: Қырғызстан
Позициясы: қорғаушы
Бойы: 1,78 см
Салмағы: 73 кг

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;