русский язык

«Ордабасы» клубтың жаңа президентін таныстырды

«Ордабасы» клубтың жаңа президентін таныстырды

Бүгін «Ордабасы» футбол клубының жаңа президенті ресми сайланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клуб баспасөз қызметінің хабарлауынша, директорлар кеңесінің шешімімен бұл қызметті Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы атқаратын болды.

Бауыржан Әбдубаитов 1959 жылы 27 қарашада дүниеге келген.

Қазақстан футбол федерациясы Атқару комитетінің мүшесі. Қазақстан футбол федерациясы әйелдер футболы комитетінің төрағасы.

2002 жылдан бастап «БИІК» компаниясының президенті (құрамында «БИІК» футбол орталығы және «БИІК-Шымкент» ӘФК бар).

Айта кетейік, «БИІК-Шымкент» футбол клубы үш мәрте әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шыққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;