«Каспий» жолдастық матчта украиналық команданы жеңді
![«Каспий» жолдастық матчта украиналық команданы жеңді](https://prosports.kz/upload/news/content//202202/201736_bf49191c55060007ac637f74966f6488.jpg?v=28704253)
Қазақстандық «Каспий» футбол клубы Украинаның «Колос» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Анталиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында өткен матч 1:0 есебімен аяқталды.
Қарсылас команданың ойыншысы Кирилл Петров өз қақпасына автогол соғып алды.
Еске салайық, Киев облысының командасы 18 матчта 24 ұпай жинап, Украина премьер-лигасының турнирлік кестесінде 8-орында тұр.