Хоккей

Бейжің Олимпиадасында хоккейден Ресей құрамасы Дания құрамасын жеңді

Бейжің Олимпиадасында хоккейден Ресей құрамасы Дания құрамасын жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында хоккейден ерлер арасындағы турнирдің топтық кезеңі аясында Дания мен Ресей құрамалары арасында кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші кезеңнің ортасында Ресей құрамасының шабуылшысы Павел Карнаухов есеп ашты. Матчтың аяқталуына алты секунд қалғанда Кирилл Семенов ресейліктердің басымдығын еселеді – 2:0.

Осылайша, Ресей құрамасы екі ойында 6 ұпай жинап, В тобында көш бастап келеді.

Дания – Ресей 0:2 (0:0, 0:1, 0:1)
0:1 – Карнаухов (Слепышев, Воронков) – 28:18
0:2 – Семенов – 59:54
Қақпашылар: Диков – Федотов

Фото fhr.ru

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер