русский язык
Қысқы

Олимпиадаға қатысқан бір топ қазақстандық спортшы елге оралды

Олимпиадаға қатысқан бір топ қазақстандық спортшы елге оралды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін бас қаламыздың халықаралық әуежайына Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиадаға қатысушылар - фристайл-могулдан Қазақстан ұлттық құрамасы ұшып келді.

Спортшыларды Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері мен жанкүйерлер қарсы алды.

«Спорт - бақ пен бап қатар жүретін сала. Төрт жылда бір келетін дүбірлі додада бар күштеріңізді салып, жігерлеріңізді көрсеттіңіздер. Біз сіздерді қашанда қолдауға дайынбыз. Жарқын жеңістеріңіздің әлі де алда екендігіне сеніміміз мол» -деді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова.

Естеріңізге сала кетейік, байрақты бәсекеде фристайл-могулда ұлттық құрама сапында алты спортшы ел намысын қорғады. Олардың қатарында Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхерд финалға жолдама алып, Юлия он бірінші, ал Дмитрий сегізінші орынға жайғасты.

Түпнұсқасы: gov.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;