Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегінің мерзімі аталды
![Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегінің мерзімі аталды](https://prosports.kz/upload/news/content//202202/201131_486c826acb01204bf0898be65a523588.jpg?v=28687466)
Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің мерзімі аталды. Сонымен қатар кездесуден кейін Альварестің алатын гонорары да белгілі болды.
Басылымның мәліметіне сүйенсек, Альварес Эдди Хирнмен жалпы соммасы 85 миллион долларға тең екі жекпе-жекке келісім жасаған.
Бірінші жекпе-жек жартылай ауыр салмақта WBA чемпионы Дмитрий Биволмен өтуі қажет. Ал 17 қыркүйекке жоспарланған екінші жекпе-жекте Геннадий Головкинмен жұдырықтасады. Алайда кездесудің өту Альварес пен Головкиннің алдағы жекпе-жектеріне байланысты. Бұл үшін қос боксшы қарсыластарын жеңуі керек.
"Дереккөз келтірген ақпаратқа сәйкес, мұндай келісім әзірге расталмаған, алайда келіссөз аяқталуға жақын", – дейді басылым.