русский язык

«Мақтаарал» мен «Ордабасы» Премьер-лигадағы орнынан айырылуы мүмкін

«Мақтаарал» мен «Ордабасы» Премьер-лигадағы орнынан айырылуы мүмкін

Қазақстан футбол федерациясының Сертификаттау комиссиясының отырысы өтті. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.

Жиын барысында сертификаттау талабын орындап, Қазақстан чемпионатының 2022 жылғы маусымына қатысуға рұқсат алған клубтар анықталды.

Әзірге 12 клуб маусымға қатысуға рұқсат алды. Олар:

1. «Тобыл»

2. «Қайрат»

3. «Астана»

4. «Қызыл-Жар»

5. «Ақтөбе»

6. «Шахтер»

7. «Каспий»

8. «Ақжайық»

9. «Тараз»

10. «Атырау»

11. «Тұран»

12. «Ақсу»

«Мақтаарал» мен «Ордабасы» клубтарына сертификаттау талаптарын толық орындауға 20 ақпанға дейін уақыт берілді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;