русский язык

Армения құрамасының футболшысы «Шахтерға» ауысуы мүмкін

Армения құрамасының футболшысы «Шахтерға» ауысуы мүмкін

Петрос Аветисян кәсіби мансабын Қарағандының «Шахтерында» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

«Шахтер» Түркияда жаттығуда, Аветисян бүгін клубқа қосылуы керек. .

Петрос Аветисян бұған дейін Қазақстан чемпионатында өнер көрсеткен, 2020 жылғы маусымда ол «Тобыл» сапында 11 матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді», - деп хабарлады ресурс.

Еске сала кетейік, 26 жастағы жартылай қорғаушы 2019 жылдан бері Армения құрамасында өнер көрсетіп келеді. Аветисян ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын Финляндия құрамасына қарсы өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;