русский язык

Қазақстан құрамасының ойыншысы ресейлік «Рязань-ВДВ» командасымен келісімшартқа отырды

Қазақстан құрамасының ойыншысы ресейлік «Рязань-ВДВ» командасымен келісімшартқа отырды

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Карина Жұмабайқызы ресейлік «Рязань-ВДВ» командасымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz ақпарат агенттігі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Карина жаңа команданың құрамындағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізіп үлгерді.

Рязань-ВДВ - аттас қаланың клубы. Ол Ресейдің төрт дүркін чемпионы (1999, 2000, 2013, 2018), Ресей кубогының екі дүркін иегері (1998, 2014).

2002 жылы Рязань УЕФА кубогының 1/4 финалына дейін жетті. Кейін «десантшылар» Чемпиондар лигасының 1/16 финалына үш рет (2014/15, 2018/19, 2019/20) шыққан. Рязань командасы өткен маусымды алтыншы орында аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;