русский язык
Бокс

«Алдыңдағы қарсылас қаншалықты беделді екені емес, оның сізге не ұсына алатыны маңызды»

«Алдыңдағы қарсылас қаншалықты беделді екені емес, оның сізге не ұсына алатыны маңызды»

19 ақпанда Германияның Гамбург қаласында Universum Box Promotions ұсынған «Чемпиондар түні» бокс кеші аясында ауыр салмақтағы жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) кәсіпқой карьерасындағы ең ірі жекпе-жегін өткізеді. Ол Деонтей Уайлдер мен Александр Поветкиннің бұрынғы қарсыласы, тәжірибелі франциялық боксшы Жоан Дюопамен (39-6, 26 КО) кездеседі.

Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында отандық боксшы болашақ қарсыласы туралы пікірімен бөлісіп, бос WBC International титулы үшін жекпе-жекке деген көңіл-күйін айтты.

– Жан, айтыңызшы, Джоан Дюопаға қарсы жекпе-жекке дайындық кімнің басшылығымен жүріп жатыр?

Әкем әрі бапкерімнің басшылығымен.

– Джоан Дюопа - өз карьерасында Деонтей Уайлдерге, Александр Поветкинге, Жарелл Миллерге қарсы жұдырықтасқан өте танымал боксшы. Сіз оның ауыр салмақтағы боксшыларға қарсы жекпе-жегін көрдіңіз бе?

– Мен оның кейбір жекпе-жектерінің үзінділерін көрдім.

Сіздің ойыңызша, қарсыластың негізгі күшті жақтары неде?

– Білмеймін, жекпе-жекте бәрі белгілі болады.

– Дуопада бойы мен колының серпілуі бойынша артықшылығы бар. Онымен қалай жұдырықтасуды жоспарлап отырсыз?

– Гугл және Ютуб көмегімен (күледі).

– BoxRec бірінші рет сіздің жекпе-жекті үш жұлдызға бағалады. Сіз бұған мән бересіз бе?

– Жоқ, мен оған мән бермеймін.

– Алдағы жекпе-жекті жаңа деңгейге шығуға арналған трамплин ретінде қабылдайсыз ба?

– Біз кез келген жекпе-жекке шындап қараймыз, дайындаламыз. Алдыңыздағы қарсылас қаншалықты беделді екені маңызды емес, маңыздысы оның сізге дәл қазір не ұсына алатыны және оның қаншалықты дайын екендігі.

– Дюопа BoxRec әлем рейтингінде сізден он үш сатыға жоғары тұр. Ол жекпе-жектің фавориті ме?

– Мен оны рейтингте менен соншалықты жоғары деп ойламаптым. Кейде боксшылардың BoxRec-те қалай алға шығатыны маған түсініксіз.

– Қазақстандық жанкүйерлерді нокаутқа дағдыландырып қойғансыз. Бұл жолы да жекпе-жектің мерзімінен бұрын аяқталуын күту керек пе?

– Тағы да қайталап кетейін, біз өз мақсатымызға қарай жылжып келеміз, бірақ мүмкіндік болса, оны кейінге қалдырудың не қажеті бар? Ең бастысы, жекпе-жекте тәжірибе жинақтау, сонымен қатар қызық әрі әдемі бокс көрсету.

Фото: Universum Box Promotions

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;