Жуковтың командасы сырт алаңда жеңілді
![Жуковтың командасы сырт алаңда жеңілді](https://prosports.kz/upload/news/content//202202/201736_64501fcb9b9bf5d117e28afd49d42e04.jpg?v=28672295)
Польша чемпионатының 20-туы аясында «Висла» сырт алаңда «Ракув» футбол клубымен кездесті, деп жазады Prosports.kz.
Бұл ойында алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Қонақ команда сапында өнер көрсететін қазақстандық жартылай қорғаушы Георгий Жуков жарақатына байланысты алаңға шыққан жоқ.
«Ракув» (Ченстохов, Польша) – «Висла» (Краков, Польша) – 2:0
Гол соққандар: Фран Тудор 55 (пенальти), Матеуш Вдовяк 74