русский язык
Теннис

Бублик Франциядағы турнирде әлем үшінші ракеткасын ұтып, титул иеленді

Бублик Франциядағы турнирде әлем үшінші ракеткасын ұтып, титул иеленді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Монпельеде (Франция) өткен ATP 250 санатындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда Бублик әлемнің үшінші ракеткасы Александр Зверевпен кездесіп, оны екі сетте 6:4, 6:3 есебімен ұтты.

ATP-250. Монпелье. Финал

Александр Зверев (Германия) - Александр Бублик (Қазақстан) - 4:6, 3:6

Кездесудің ұзақтығы 1 сағат 10 минутты құрады. Бублик 8 эйс жасады.

Бублик алғаш рет ATP турнирінде топ жарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;