Сойлыбаев Ақтауда өткен бокс кешінде мексикалықты нокаутқа түсірді
![Сойлыбаев Ақтауда өткен бокс кешінде мексикалықты нокаутқа түсірді](https://prosports.kz/upload/news/content//202202/203991_18e82689af61e53a0279231e59fac346.jpg?v=28687824)
Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев (13-1, 4 КО) Ақтауда өткен бокс кешінде қарсыласын нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бокс кеші аясында қазақстандық мексикалық Элиот Чавеспен кездесті. Екінші жеңіл салмақтағы жекпе-жек соңғы сегізінші раундта аяқталды.
Осылайша, Бекман Сойлыбаев кәсіпқой мансабындағы он үшінші жеңісіне қол жеткізді.