Бублик Монпельедегі турнирдің финалына шықты
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Монпельедегі (Франция) турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/2 финалдық кездесуде қазақстандық серб Филип Кражиновичті 6:4, 6:2 есебімен ұтты.
Еске салайық, финалда Бублик А.Зверев (Германия) - М.Ймер (Швеция) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.