UFC Vegas 47. Шавкат Рахмонов - Карлстон Харрис жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

UFC Vegas 47. Шавкат Рахмонов - Карлстон Харрис жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

Қазақстан уақытымен 6 ақпанда ертеңгісін Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC Vegas 47 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты кардында қазақстандық Шавкат Рахмонов (14-0) UFC-дегі үшінші жекпе-жегін өткізеді. «Номадтың» қарсыласы гайаналық Карлстон Харрис (17-4) болады.

Ал ивенттің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы норвегиялық-швециялық файтер Джек Херманссон мен америкалық Шон Стрикленд кездеседі.

Бастапқы кард Нұр-Сұлтан уақытымен 03:00-де басталады, ал негізгі кард жекпе-жектері елорда уақытымен 6:00-де бастау алады.

UFC Vegas 47 турнирінің тікелей трансляциясын мына СІЛТЕМЕ (бір айға не бір жылға жазылу керек) арқылы көруге болады.

Одан бөлек турнирді Setanta Sports 2 телеарнасының эфирінен тамашалай аласыздар.

Ал Ресейдегі көрермендер турнирдің трансляциясын «Боец» телеарнасы мен Sportbox порталынан көре алады.

Фото mmajunkie.usatoday.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или