русский язык
Бокс

Ақтауда WBO титулдары сарапқа салынатын бокс кеші өтеді. Тікелей трансляция

Ақтауда WBO титулдары сарапқа салынатын бокс кеші өтеді. Тікелей трансляция

5 ақпанда Ақтауда бокс кеші өтеді, онда WBO белбеулері сарапқа салынатын екі жекпе-жек жоспарланған, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (15-0, 8 КО) пен ресейлік Андрей Сироткин (19-1-1, 7 КО) жұдырықтасады. Олар орта салмақта WBO International чемпионы титулын сарапқа салады.

Оған дейін қазақстандық Бекзад Нұрдәулетов (3-0, 1 КО) пен Нидерланды өкілі Чико Куаси (5-0-1, 2 КО) WBO тұжырымы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасады.

Ақтаудағы бокс кешінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;