Қысқы

Бейжің Олимпиада ойындары салтанатты түрде ашылды

Бейжің Олимпиада ойындары салтанатты түрде ашылды
news-banner7
mobile-news-top

Қытайдың Бейжің қаласында XXIV қысқы Олимпиада ойындары салтанатты түрде ашылды.

Бүгін ресми түрде басталған Олимпиада ақпанның 20-на дейін жалғасады. Олимпиаданың ашылу салтанаты «Құс ұясы» олимпиадалық стадионында өтті. Салтанатты шеруде Қазақстанның мемлекеттік туын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев пен конькимен жүгіруші Екатерина Айдова алып өтті.

Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та құрметті қонақ ретінде қатысты.

Қысқы Олимпиадада 87 жолдама ұтып алған ұлттық құрама сапындағы 34 спортшы жүлдеге таласады. Олар шаңғы, фристайл, тау шаңғысы, трамплиннен шаңғымен секіру, шаңғы қоссайысы, биатлон, конькимен жүгіру және шорт-трек сияқты спорттың сегіз түрі бойынша сайысқа түседі.

16 күнге созылатын Олимпиада ойындарында спорттың 15 түрінен 109 медаль сарапқа салынады.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер