русский язык
Теннис

Дэвис кубогына қатысатын Қазақстан құрамасы жарияланды

Дэвис кубогына қатысатын Қазақстан құрамасы жарияланды

4-5 наурыз күндері теннистен Қазақстан ұлттық құрамасы Дэвис кубогы іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Норвегиямен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Юрий Щукин бастаған Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы келесі ойыншыларды шақырды: Александр Бублик (АТР жеке рейтингте 35-орын), Михаил Кукушкин (166), Дмитрий Попко (180), Андрей Голубев (жұптық рейтингте 35-орын), Александр Недовесов (жұптық рейтинг 67-орын).

Ойын Ослодағы Oslo Tennis Arena-да өтеді. Жеңімпаз Дэвис кубогының финалдық кезеңіне өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;