Хоккей

Қазақстандық жас шабуылшы мансабын АҚШ-та жалғастырады

Қазақстандық жас шабуылшы мансабын АҚШ-та жалғастырады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық шабуылшы Максим Мусоров америкалық «Де-Мойн Баккэнирз» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған команда АҚШ-тағы негізгі жастар лигасы USHL-де бақ сынайды. 20 жастағы шабуылшы жаттығуға кірісіп кетті, жақын арада алғашқы кездесуін өткізеді.

Қаңтар айының ортасында Максим Мусоров «Барыспен» келісімшартын бұзды. Ойыншы Қазақстан жасөспірімдер және жастар құрамасында өнер көрсетті. Қазақстан чемпионатының биылғы маусымында «Номад» сапында 17 матчқа қатысып, 12 (8+4) ұпай жинады. Сондай-ақ, хоккейші «Барыс» сапында Құрлықтық хоккей лигасы аясында 11 ойынға қатысқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер