Недовесов Монпельедегі турнирдің екінші айналымына өтті
![Недовесов Монпельедегі турнирдің екінші айналымына өтті](https://prosports.kz/upload/news/content//202202/201736_030bcbb85617074fc762beda4adb7e01.jpg?v=28673646)
Қазақстандық теннисші Александр Недовесов пәкістандық Айсам-уль-Хак Курешимен бірге Монпельеде өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында екінші айналымға өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Недовесов пен Куреши алғашқы айналымда А.Бублик (Қазақстан)/М.Макдональд (АҚШ) жұбын жеңді.
1 сағат 14 минутқа созылған кездесу 6:3, 3:6, 10:6 есебімен аяқталды.