русский язык
Теннис

Australian Open: Қазақстандық төрешілер алғаш рет жасөспірімдер турнирінің финалында қазылық етті

Australian Open: Қазақстандық төрешілер алғаш рет жасөспірімдер турнирінің финалында қазылық етті
news-banner7
mobile-news-top

Теннистен қазақстандық төрешілер алғаш рет жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінің финалында қазылық етті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Отандық төреші Меруерт Каукеева қыздар арасындағы жұптық сынның ақтық кезеңінде қызмет көрсетті. Ал екінші қазақстандық маман Юлия Игнатченко жасөспірім ұлдар арасындағы жекелей сында үздікті анықтауға қатысты.

Айта кетерлігі, қос төреші де Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарында төрешілер құрамында қызмет еткен

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;