русский язык

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы «Қайсарға» ауысуы мүмкін

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы «Қайсарға» ауысуы мүмкін

37 жастағы жартылай қорғаушы Руслан Сахалбаев қызылордалық «Қайсардың» оқу-жаттығу жиынына қатысып жүр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туалы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.

Қызылордалық клуб жақын арада тәжірибелі футболшымен келісімшартқа отыру мүмкін, алайда тараптар әлі келісімге келген жоқ.

Айта кетейік, Сахалбаев бұған дейін 2017 жылғы маусымда «Қайсар» сапында ойнаған болатын. Жартылай қорғаушы соңғы екі маусымды «Каспий» сапында өткізді. Онда 48 матчқа қатысып, төрт гол соқты. Сондай-ақ Сахалбаев «Қайрат», «Оқжетпес», «Локомотив», «Мегаспорт», «Атырау» және «Ақтөбе» сияқты клубтарда өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;