русский язык

Хорватиялық клуб «Қайраттың» қорғаушысы үшін қанша төлегені белгілі болды

Хорватиялық клуб «Қайраттың» қорғаушысы үшін қанша төлегені белгілі болды

«Қайрат» қорғаушысы Дико Микановичті «Хайдук» клубына қаншаға сатқаны белгілі болды.

Transfermarkt.com мәліметінше, хорватиялық клуб футболшы үшін 75 мың еуро төлеген.

Қорғаушы «Қайрат» сапына 2019 жылы келген болатын, командамен бірге (2020 жылы) Қазақстан Чемпионатының және (2021 жылы) Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанды.

Алматылық клуб сапында барлығы 97 кездесу өткізіп, 1 гол және 10 голдық пастың авторы атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;